«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы » Көкжар негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көкжар негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы
01
август
2022

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы

Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жыланды ауылдық округі, Көкжар ауылы      Көкжар негізгі орта мектебі. Құрметті ауыл тұрғындары, кәсіпкерлер!

2022 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіледі. Жаңа оқу жылының қарсаңындағы игі бастама елімізде дарынды,білімді,алғыр,дені сау ұрпақ өсуіне ұйытқы болмақ. Баршаңызды әлеуметтік көмекті қажет ететін барлық оқушыға ағымдағы оқу жылында демеушілік көмек есебінен мектепке дайындалуда қолдау көрсетуге шақырамыз.

Акцияның ұраны: Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық . Дәстүрге айналған Республикалық «Мектепке жол» акциясына қатысуға шақырамыз. Ағымдағы жылымыз бұл әлеуметтікке бағытталған «Мектепке жол» ұранымен өткізілді. 

Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы оқушыларға , жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және Балалар жылын іске асыру шеңберінде әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу. Қайырымдылық-қадірлі іс екенін ұмытпайық. Ең бастысы мейірімді жүрегіңіз,таза ниетіңіз болсын. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтық әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады,оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық  мектепке дайындалуда қолдау көрсетуге шақырамыз.

 Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан аяқталуы – 2022 жылдың 30 қыркүйегінде.

Демеушілік жасаймыз деген азаматтар болса директордың тәрби ісі жөніндегі орынбасары Рахмбердинова Қымбат Ахметқызына тел:87052657241 хабарласыңыздар.

Мекен жайымыз
Жетісу облысы,Алакөл ауданы,Жыланды ауылдық округі,Көкжар ауылы, Бейбітшілік көшесі,№17А үй

©2016-2022, Ресми сайт Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Көкжар негізгі орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru