Көкжар негізгі орта мектебі » Көкжар негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көкжар негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Көкжар негізгі орта мектебі
05
март
2018

Көкжар негізгі орта мектебі

«Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін-білім», -деп ұлы жазушымыз М.Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында мектеп тұрады. Мектептегі білім-барша әлем тыныс-тіршілігінің алғашқы іргетасы. Әрбір жеке тұлғаның болашағы өмір мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары.
Андреев аудандық еңбекшілер депутаттарының III Сьезі резолюциясымен 1932 жылы 1-ші қыркүйекте Константиновка аулында бастауыш мектеп ашылды.
Андреев аудандық халық депутаттар Кенесінің 25-і тамыз 1962 жылғы №157-р шешімі мен Константиновка орталау мектебі ашылды.
Алматы облысы Әкімінің 14 шілдеде 1999ж.№7-205 «Білім және мәдениет мекемелерінің атауын өзгерту туралы»,Алакөл Әкімінің 12 мамыр 1999ж.№1-123 Шешімдеріне сәйкес Константиновка орталау мектебі Көкжар орталау мектебі болып аталды.
«Көкжар орталау мектебі» мемлекеттік мекемесі жалпы білім беру жүйесінің мемлекеттік мекемесі болып табылады және өз аясындағы барлық азаматтарға мемлекеттік стандарт шегінде,мемлекеттік кепілдікпен тегін,орталау білім алу құқы мен мүмкіндігін үздісіз білім беру жүйесінің негізінде жүзеге асыратын буын болып табылады.
Мемлекеттік мекеме «Көкжар орталау мектебі»мекеме Константиновка орталау мектебінің құқықтық иеленушісі болып табылады.
«Көкжар орталау мектебі»мемлекеттік мекемесінің,бұдан әрі «Орта мектеп»құрылтайшысы және мүлкінің меншік иесі Алматы облысының Әкімі болып табылады.
Көкжар негізгі орта мектебі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конститутциясын,Қазақстан Республикасының Заңдарын,Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заң актілерін,Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау,білім және спорт министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерін,облыс және аудан Әкімінің шешімдері мен әкімдерін,Алматы облыстық білім басқармасының және аудандық білім бөлімінің бұйрықтарын,сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады. Мектептің штат санын аудан Әкімі бекітеді.
2015 жылғы 18 ақпан Алакөл ауданы әкімдігінің № 93 қаулысымен «Көкжар орталау мектебі» «Көкжар негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
«Көкжар негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңды тұлға болып табылады,оның Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде өзінің атауын жазылған мөрі болады.
Мемлекеттік мекеменің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы
Алматы облысы
Алакөл ауданы
Көкжар ауылы, көше жоқ.

1932-1962 жылы Завалин Василий Фатеевич директор болды.
1962-1964ж Директорлыққа Битюцкий В. болып тағайындалады 1964-1990 жылға дейн Гребенщиков Василий Андреевич директор болады.
1990-1992 жылдар аралығында Флюра Мелиханова Константиновка орталау мектебінің директоры болады.
1992-1995жылдары Қасымжанов Ғалымжан директор болып жұмыс істеді.
1995-1999 жылдары Семенова Галина Ивановна директор болды.
1999-2011 жыл дары Көкжар орталау мектебінің директоры Туреханова Нұрсұлу Бекенқызы жұмыс істеді.
2012 жылдан бастап Мурзагельдинова Алия Болатқызы «Көкжар негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры болып жұмыс істейді

Мектептегі пән кабинеттерінің саны 6, солардың ішінде шәкірттердің компьютер үйреніп, еркін пайдалануына мүмкіндік беретін бір бөлме бар, 2 мультимедиялық тақта жұмыс істейді. Мектепте 1 компьютер кабинетінде 3 компьютер бар. Кабинет интернет желісіне қосылған. Ақпараттандыру технологиясын үйрету барысында мұғалімдерге семинар, курстар өтіледі. Ақпараттық ресурстар орталығы іске қосылған. Информатика сабақтарынан басқа Интернетті электронды оқулықты қолданып, мұғалімдер өздерінің компьютерлік сауаттылықтарын ашуға мүмкіндіктері бар. Оқушылардың дебатқа, ғылыми жұмысқа, пән сабақтарына қажетті материалды Интернет ресурстары арқылы алады.
Теги:
кенже
Мекен жайымыз
Жетісу облысы,Алакөл ауданы,Жыланды ауылдық округі,Көкжар ауылы, Бейбітшілік көшесі,№17А үй

©2016-2022, Ресми сайт Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Көкжар негізгі орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru